Десанттық сабақтар өтті
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.
Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.
Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау.
Хабарландыру! Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін ...
Сүйінші!!! Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері ...
Мемлекет басшысының жарлығымен Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп ...
«Балаларды ерте дамыту» институтының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 06 ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 6 қазан күні ZOOM платформасында ...
Құрметті ұстаз! Сізді Оқу-ағарту министрлігі мен өз атымнан кәсіби мерекеміз ...
Бүгін, 3 қазан күні Мұғалімдер күні мерекесіне орай «Мың алғыс саған, Ұстазым!» ...
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан ...
2023 жылғы 21 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2023 жылдың 29 қыркүйек күні облыстық қосымша білім беру педагогтерінің ...
















