Әдістемелік көмек көрсетілді
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының (бұдан әрі - Орталық) 2021 жылғы 19 қарашадағы №31-нқ бұйрығына сәйкес құрылған жұмыс тобы, ағымдағы жылдың 22-23 қараша күндері балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу және бала құқығын қорғау мақсатында Ақтау қаласы Исатай Сүйеубаев атындағы №8 және Мұнайлы ауданы №14 жалпы білім беретін мектептердегі педагог-психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек жұмыстарын ұйымдастырды.
Нормативтік-құқықтық актілерді қолдана білу жөнінде З. Тұрлан (Орталық директоры) «Білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері», С. Каракулов (Мұнайлы ауданының №6 жалпы білім беретін мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары) «ДТЖО мен психологтың біріккен жұмысы оқушы психикасының қауіпсіздік кепілі» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөліссе, Ғ. Койтанова (Орталық психологы) аутодеструктивті мінез – құлықты қалыптастырудағы ықпал ететін факторларды алдын – алуда жүргізілетін профилактикалық шаралар бойынша түсіндіріп, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығымен жұмыс жүргізілетіндігін айтты.
Маңғыстау облысының білім басқармасының 2.11.2021 жылғы №138 нқ бұйрығы негізінде 4 ...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында VI республикалық ...
Маңғыстау облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2021 жылға арналған іс-шаралар ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2021 жылғы іс-шаралар ...
2 қараша —20 желтоқсан күндері аралығында Маңғыстау облысының әкімдігі ...
2021 жылдың 2 қараша күні Облыстық психологиялық кеңес қызметінің іс-шаралар ...
02.11.2021ж күні облыстық физика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ...