Орталық жаңалықтары

Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды

Ұстаздар күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалім 3 млн теңгеден алған болатын.

Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады. Биыл цифрландыру бағытында үлкен жұмыс атқарылды. Байқаудың барлық кезеңі, нақтырақ айтқанда, қатысушыларды тіркеуден бастап республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған.

Құжаттарды қабылдау 12 қыркүйекте басталып, 2022 жылғы 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Байқау туралы ақпарат еліміздің барлық 380 мың мұғалімі пайдаланатын kundelik.kz жүйесінде орналастырылады.

Сондай-ақ байқау тарихында алғаш рет барлық кезең, яғни қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында жүзеге асырылады.

«Бұл байқаудың маңызы зор, өйткені ол үздіктердің ішіндегі ондаған үздік педагогтің еңбегін тануға мүмкіндік береді. Жүлде қорын ұлғайттық және бұл мықты мамандардың мамандыққа келуіне түрткі болып, осы кәсіпте ондаған жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мамандарға көрсетілген құрмет болады деп сенеміз. «Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл - балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Бір айта кетерлігі, жылдан жылға үміткерлер саны ғана емес, олардың дайындық деңгейі де артып келеді. Бұл жалпы білім сапасы мен педагог мәртебесінің артқанын көрсетеді. Биыл байқауға қатысатын әрбір педагог сауалнаманы толтырғаннан кейін конкурстың одан арғы динамикасын бақылай алады, мысалы, қатысушылар қай кезеңде тұр, оларға сарапшылар қандай ұпай қойды», - деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Байқау үш кезеңнен тұрады:

- I кезең – аудандық, қалалық деңгей;

- II кезең – облыстық деңгей;

- III кезең – республикалық деңгей.

Екі байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған мұғалімдер республикалық деңгейге өтеді.

Республикалық «Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында байқау аясында мектепке дейінгі және орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 600-ге жуық үздік педагогі анықталды.

«Үздік педагог» атағының иегерлеріне 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі.

Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар. 

title=


29.04.2021ж күні, сағат 16.00-де математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ...

22.04.2021ж. ҰБТ тапсырмаларында кездесетін «Геометрия есептері», «Комбинаторика», ...

17.04.2021ж Математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығы «Шек», «Комбинаторика», ...

Ағымдағы жылдың 6 сәуір күні Батыр ауылы №15 жалпы білім беру мектебінде "Отбасы ...

Маңғыстау облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің «БАСТАУ» қауымдастығының ...

2021 жылдың 19 мен 26 сәуір аралығында қашықтан «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» ...

2021жылы, 22 сәуір күні сағат 16:00-де көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған ...

Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, ...

27.01.2021ж күні Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы ...

27.01.2021ж күні сағ 16.00-де облыстық математика пәні мұғалімдерінің қауымдастық ...