Республикалық жетістік!
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ауданы, №6 «Өркен» бөбекжайының әдіскері Реева Тұрсынай Жүсіпбайқызы жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.
Міне, бүгін сол еңбектің жемісі мен кәсіби шеберліктің тағы бір дәлелі — республикалық байқаудың қорытынды кезеңінде ІІІ орынға ие болды!
Бұл — тынымсыз еңбектің, ізденістің, кәсіби біліктіліктің және мектепке дейінгі білім беру саласына деген адалдықтың жемісі. Тұрсынай Жүсіпбайқызын осынау айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз үстем болсын! Білім беру саласындағы бастамаларыңызға сәттілік, шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз! Әрдайым биіктен көрініп, абыройыңыз асқақтай берсін!
2023 жылдың 11 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2023-2024 оқу жылындағы Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орта, арнайы, ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шара жоспарына сәйкес 07.09.2023 жылы ...
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні Ақтау, Жаңаөзен қалаларының және Бейнеу, Қарақия ...
Бүгін, 1 қыркүйек күні облысымыздағы барлық жалпы білім беру ұйымдарында алғашқы ...
Бүгін, 25 тамыз күні Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында білім ...
Бүгін, 24 тамыз күні білім қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар ...
Каспий Құбыр Консорциумның мәдениет саласындағы әлеуметтік-қайырымдылық ...














