Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Педагог-психологтарға онлайн вебинар өтті 2022 жылдың 9 - 12 қыркүйек күндері ...
#Балаларжылы 2022 жылдың 9 қыркүйек күні "Балаларды ерте дамыту институтының" ...
Ұстаздар күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әс-шаралар жоспарына сәйкес, ...
ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП МЕКТЕПТЕР, ...
Бүгін Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет ...
Ағымдағы жылдың 27 тамыз күні білім басқармасының АКТ залында "Маңғыстау ...
2022 жылдың 23 тамыз күні «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» ...
2022 жылдың 11-15 тамыз аралығында облыстық білім беру қызметкерлерінің «Білімнің ...