Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


2022 жылдың 12 сәуір күні Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беру ...

Бүгін (30.03.2022ж.) Маңғыстау облысының білім басқармасының 28.03.2022 жылғы №45-нқ ...

Облыстық "Алау" әскери-спорттық ойыны өтті. 2022 жылғы 18 наурыз күні Түпқараған ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

Бүгін Маңғыстау облысының білім басқармасының 28.02.2022 жылғы №31-нқ бұйрығы ...

2022 жылдың 4 наурыз күні ZOOM платформасы арқылы мектепке дейінгі білім беру ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Білім берудің оқу-әдістемелік ...

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға ...

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2022 жылдың 25 ақпан күні «Педагогтың ...

2022 жылдың 24-25 ақпаны күндері Ақтау қаласы, Н.Оңдасынов атындағы №5 жалпы білім ...