Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2007 жылғы ...

Ақтау қаласындағы білім беру мекемелеріндегі алғашқы әскери технологиялық ...

2022 жылдың 24-ші ақпанында Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2022 жылдың 24 ақпан күні «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ ...

Маңғыстау облысы білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Мемлекетімізде тиянақты қолға алынып, жүйелі жолға қойылған «Қазақстан- 2050» ...

Мемлекетімізде тиянақты қолға алынып, жүйелі жолға қойылған «Қазақстан- 2050» ...

23.02.2022 «Creating a Highly Motivated Classroom» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне Google meet ...

Маңғыстау облысы Білім басқармасының жылдық жоспарына сәйкес Білім берудің ...

2022 жылдың 17 ақпан күні .Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...