Орталық жаңалықтары

Десанттық сабақтар өтті

2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.

Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.

Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау. 

title=title=title=


«Шығармашылық шыңы» тақырыбында облыстық семинар өтті. 2023 жылдың 31 наурыз ...

Ағымдағы жылдың 31 наурызы күні Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау ...

2023 жылдың 31 наурыз күні облыстық білім беру оқу-әдістемелік орталығының ...

2023 жылғы 30 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

«Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қауымдастығының» жоспарына сәйкес 2023 жылдың 30 ...

2023 жылдың 28 наурыз күні Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ...

2023 жылғы 28 наурыз күні бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған ...

2023 жылдың 28 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

2023 жылдың 27 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...