Орталық жаңалықтары

Облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті.

Облыстық мектеп кітапханашылары қауымдастығының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 14 сәуірі күні Түпқараған ауданы, Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Бір бірлестік. Бір кітап. Бір сахна» жобасын жүзеге асыруда мектептегі пән бірлестіктерінің рөлі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Бұл шара аталған білім беру ұйымының кітапханашысы Бекбосинова Анардың «Бір бірлестік. Бір кітап. Бір сахна» жобасы бойынша мектептегі пән бірлестіктерінің жоба аясындағы жүйелі жұмысын насихаттау және іс-тәжірибесін облыс мектептеріне тарату мақсатында өтті.

Облыстық семинарға аудан, қалалардан мектеп директорлары, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп кітапханашылары, пән мұғалімдері, ауданық, қалалық әдістемелік орталықтардың әдіскерлері, барлығы 40-қа жуық адам қатысты.

Семинарда гимназиядағы 6 пән бірлестігінің «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыс барысы таныстырылды.

Мектептің өзін-өзі басқару тобы мүшелері семинардың кіріспе бөлімінде қонақтарға әдеби шығармалар бойынша дайындалған балалар туындыларынан жасақталған көрмелермен, мектеп тарихымен, Маршал Әбдіхалықов музейімен таныстырды. Үш тілде еркін сөйлеген балалар көпшілікті тәнті етті.

Гимназия директоры А.Қопашева «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсе, тілдер бірлестігі, оның ішінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Т.Көшербай Абай шығармашылығына тоқталса, А.Өтесова «Абай ілімі – отбасында» тақырыбында отбасылық кітап оқуды насихаттады. Алдын ала жарияланған бір айлық челлендж шара аясындағы әжелердің сұқбатымен қорытыланды. Әжелер немере тәрбиелеуде Абай шығармаларының маңыздылығын айтып, ғибратқа толы өнегесімен бөлісті. Шараға келген қонақтарға Абай өлеңдерін оқытып, ақынның өлеңдер жинағын табыс етті. «Абай әлемі» клубының мүшелері ақын өлеңдерінен айтыс ұйымдастырып, көпшілікті тәнті етті.

Ал жаратылыстану пәндері бірлестігі «Әр өлеңі – бір әлем» тақырыбында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев шығармаларына арналған поэзия-брейк ұйымдастырды. Мұқағалидың өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, әуезді әндерін тамылжыта шырқады. Бастауыш сыныптар бірлестігі болса, оқушылармен бірге көркем әдебиетті жарнамалады.

Онлайн платформалар арқылы заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әдеби ойындар ұйымдастыруда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Көкен шеберлік танытып, семинарға қатысушыларды бір серпілтіп тастады.

«Бір бірлестік. Бір кітап. Бір сахна» жобасының негізі мақсаты әр пән бірлестігі оқыған шығармаларын сахналау болғандықтан, шетел тілдері бірлестігі мұғалімдері Сайын Мұратбектің «Жабайы алма» повесі бойынша қойылым қойып, әртістік қырларын паш етіп, семинар қатысушыларының жүрегінде ерекше сезім ұялатты. Балаларға шет тілін меңгертумен қатар, әдеби кітап оқуды насихаттау бағытында аянбай жұмыс жүргізіп жүрген педагогтерге шексіз алғыс білдіреміз.

Облыстық семинар қатысушы педагогтердің бір-бірімен пікір алмасуымен, ұсыныс-пікір білдіруімен өз мәресіне жетті. 

title=title=title=title=title=title=title=


Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өтетін «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» ...

«БІЗ БАРЛЫҚ ОТБАСЫМЫЗБЕН БИЛЕЙМІЗ, ТІГЕМІЗ, СУРЕТ САЛАМЫЗ ЖӘНЕ ӘН ...

Қосымша білім беру ұйымдарының әкімшілік құрамымен жаз мезгілінде қашықтықтан ...

Облыстық оқу –әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс- ...

Байқау жұмыстары 2020 жылғы 5 мамырдан 8 шілдеге дейін rumcdo0520@mail.ru. электрондық ...

Сіздерді ақын Ж. Молдағалиевтың 100 жылдығына орай «Қазақтың Қайсар Жұбаны» атты ...

Қазақстан  Республикалық Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының  іс-қимыл ...

2019 жылғы 1 ақпанда білім беру ұйымдарынының мұғалімдері арасында «Робототехника ...