Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
02.02.2022ж. Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Шетел тілі пәні ...
Ағымдағы жылдың 31-ші қаңтарында Маңғыстау облысының білім басқармасының Білім ...
Ағымдағы жылдың 28-ші қаңтарында Ақтау қаласындағы білім беру мекемелеріндегі ...
2022 жылдың 28 қаңтар күні Маңғыстау облысының білім басқармасының жоспарына ...
Маңғыстау облысы білім басқармасы білім берудің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 ...
Ағымдағы жылдың 28-ші қаңтарында Маңғыстау облысының білім басқармасының Білім ...
28 қаңтар 2022 жыл сағат 14.00-де Маңғыстау облысының білім басқармасының Білім ...
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен (онлайн ...
Білім берудің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 27 қаңтары күні облыстың ...
27.01.2022ж күні облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ...