Облыстық «Сана» олимпиадасы
2023 жылдың 26 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердегі 3 жылдан жоғары еңбек өтілі бар педагог-психологтер арасында “Сана” олимпиадасы Мұнайлы ауданы №12 жалпы білім беретін мектебінде өткізілді.
Мақсаты: педагог-психологтердің «педагогика және психология» пәні бойынша білім деңгейін көтеру, білімдерін тереңдету, кәсіби біліктілігін арттыру, педагог-психолог мамандығының дәрежесін көтеру.
Олимпиада төрт кезеңнен тұрды:
- «Өзін-өзі таныстыру»
- «Таңдаған тақырыпқа эссе жазу»
- «Тест сұрақтары»
- «Психологтың электрондық портфолиосы»
Аудан, қалалардан барлығы 7 педагог-психолог қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
- І дәрежелі дипломмен Ербосын Бибігул Досболқызы (Қарақия ауданы №5 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы)
- ІІ дәрежелі дипломмен Базарбаева Ұлбике Сметуллаевна (Мұнайлы ауданы №13 мектеп-гимназиясының педагог-психологы);
- ІІІ дәрежелі дипломмен Утепова Нұрсауле Аманғалиқызы (Жаңаөзен қаласы №21 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы) марапатталады.
2021 жылдың 2 қараша күні Облыстық психологиялық кеңес қызметінің іс-шаралар ...
02.11.2021ж күні облыстық физика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ...
2021 жылғы 27 қазан күні мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің ...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында «Қазақстан ...
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары ...
2021 жылдың 28 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...
"BILIMKIDS" платформасы ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық ...
Педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық ...