Оқушыларға компьютерлік құрылғылар табысталады
2020 жылдың 14 қыркүйек күні республикалық бюджет есебінен құрылғылардың кезекті бөлігі облысқа жеткізілді.
Бұдан бұрын қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында осал топтағы отбасылардың оқушыларына уақытша пайдалануға беру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен 22541 дана компьютерлік техника алынатыны айтылған еді. Ол үшін бюджет қаражатынан ақша бөлінген болатын. Бөлінген қаражат 2346 дана компьютер, 17156 дана ноутбук, 3039 дана планшет алуға жұмсалмақ.
Бүгінгі таңда облысқа 2346 дана компьютер келді. Олар, Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу, Мұнайлы ауданының оқушыларына таратылып беріледі.
Қазіргі уақытта білім саласының жауапты мамандары және «Адалдық алаңының» өкілдері техникалық құрылғыларды тексеріп, мектептерге таратып беруде.
Маңғыстау облысының оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы.
Мектепке құжаттарды қабылдау және оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру ...
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен ...
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру ...
Маңғыстау облысында балалардың жазғы каникулда бос уақытын тиімді ұйымдастыру ...
2020 жылдың 15-19 маусым аралығында <Назарбаев Зияткерлік мектептері> ДББҰ Пшо ...
Ағымдағы жылғы 22 мамыр күні «Қылмыстың алдын алу ортақ міндет» ...
Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өтетін «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» ...
«БІЗ БАРЛЫҚ ОТБАСЫМЫЗБЕН БИЛЕЙМІЗ, ТІГЕМІЗ, СУРЕТ САЛАМЫЗ ЖӘНЕ ӘН ...
Қосымша білім беру ұйымдарының әкімшілік құрамымен жаз мезгілінде қашықтықтан ...