Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 14 желтоқсан ...
2021 жылы 14 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан Республикасы ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы ...
2021 жылдың 13 желтоқсан күні «Ерте жүктілік және жасөспірімдерге жыныстық тәрбие ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Біртұтас ...
Ағымдағы жылдың 13 желтоқан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 ...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай колледж студенттері ...
Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 ...
2021 жылдың 7 қазан - 7 желтоқсан аралығында өткізілген облыстағы жұмысшы ...
Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік ...