Орталық жаңалықтары

«Үздік кітап оқитын» мектеп анықталды

Бүгін, 15 ақпан күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларының заманауи ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында «Үздік кітап оқитын мектеп» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Қашықтан өткізілген бұл байқауда аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген 6 мектептің жұмысы қаралды.

Қатысушылар ұсынған ақпараттық анықтама мен кітапхана жұмысын иллюстрациялайтын бейнероликтерді, сондай-ақ қосымша ұсынылған мәліметтерді ескере отырып, белгіленген критерийлер бойынша байқау қорытындысы шығарылды. Үміткерлерге ZOOM қосымшасы арқылы сұрақтар қойылды.

Байқау нәтижесінде:

І орынды Қарақия ауданының №9 бастауыш мектебі (кітапханашысы – Таласбай Сағынқан Жетібайқызы),

ІІ орынды Бейнеу ауданының Күйкен жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Аманова Нұрсұлу),

ІІІ орынды Мұнайлы ауданының №10 жалпы білім беретін мектебі (кітапханашысы – Кульчикова Тамара Шараевна) иеленді.

Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! 

title=title=title=title=title=title=


Қазақстан балалардың жан-жақты дамуы және болашағының жарқын болуы үшін ...

2025 жылғы 24 қаңтар күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ...

24.01.2024 күні Қарақия ауданы №6 жалпы білім беретін мектебінде ...

2025 жылдың 23 қаңтар күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Білім берудің оқу -әдістемелік орталығы іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 22 ...

2025 жылдың 22 қаңтар күні Ақтөбе облысы білім берудің оқу әдістемелік орталығының ...

2025 жылғы 21 қаңтар күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "943-елдің мақсатты ...

2025 жылдың 13 қаңтар күні Ынтымақтастық туралы меморандумге қол қойылды. ”Білім ...

"Берік отбасы" бағдарламасы бойынша оқыту семинар-тренингі басталды. «Отпан: ...