Әдіскерлерге біліктілігін арттыру курсы өтті.
Ағымдағы жылдың 7-18 қазан аралығында "Отпан" жобасы аясында "Педагогикалық шеберлік орталығының" ұйымдастыруымен «ЗАМАНАУИ ӘДІСКЕР: ҚҰЗЫРЕТТІ САРАПШЫ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫ ТӘЛІМГЕР» атты аудандық (қалалық), облыстық әдістемелік орталық (кабинет) әдіскерлерінің біліктілігін арттыру курсы өтті.
Курстың мақсаты: аудандық (қалалық) және облыстық әдістемелік орталық (кабинет) әдіскерлерінің білім беру ұйымдары педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетуде тиімді тәлімгерлік және сараптамалық-талдау қызметін ұйымдастырудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Бұл екі аптаға созылған курс барысында әдіскерлер білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, оқытудағы заманауи талаптар мен дағдыларды игеріп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар жаңа жұмыс бағыттары әдістемелік жұмыс жоспарына енгізілді.
Курс өткен орны: Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, "IT мектеп-лицейі"
Курс уақыты: 7-18 қазан 2024 жыл
#ПедагогикалықШеберлік #БілімБерудегіЖаңашылдық #Ақтау #ӘдіскерлерКурсы #ITМектепЛицей
Мұнайлы Аудандық Оқу-әдістемелік Орталығы
Қарақия Аудандық Әдістемелік Орталығы
Түпқараған Ауданының Оқу-әдістемелік Орталығы
Бейнеу Оқу-әдістемелік-орталығы
Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...
2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...
2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...
2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...
Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...