Орталық жаңалықтары

«Үміт» шығармашылық өнер фестивалі өтті.

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 3 желтоқсан күні ерекше білім беруді қажет ететін 3-6 жастағы мектепке дейінгі балалар арасында «Үміт» шығармашылық өнер фестивалі өтті.

Фестиваль ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, әлеуметтендіру, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Сырттай өткізілген облыстық шараға аудан, қалалардағы балабақшалар мен арнайы балабақшалардан би билеу номинациясы бойынша 21 жұмыс, вокалдық орындау бойынша 17 жұмыс қаралып, барлығы 200 бала қамтылды.

Ерекше білім беруді қажет ететін 3-6 жастағы мектепке дейінгі балалар арасындағы «Үміт» шығармашылық өнер фестивалінің облыстық кезеңінде өнер көрсеткен әр балаға сыйлықтар мен жетекшілеріне cертификаттар табысталды.

https://www.youtube.com/watch?v=m2_4iMLSF2s 

title=title=title=title=title=title=


2019 жылғы 1 ақпанда білім беру ұйымдарынының мұғалімдері арасында «Робототехника ...

Семинар мақсаты: «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында әдістемелік ...

«Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша ...