Облыстық «Сана» олимпиадасы
2023 жылдың 26 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердегі 3 жылдан жоғары еңбек өтілі бар педагог-психологтер арасында “Сана” олимпиадасы Мұнайлы ауданы №12 жалпы білім беретін мектебінде өткізілді.
Мақсаты: педагог-психологтердің «педагогика және психология» пәні бойынша білім деңгейін көтеру, білімдерін тереңдету, кәсіби біліктілігін арттыру, педагог-психолог мамандығының дәрежесін көтеру.
Олимпиада төрт кезеңнен тұрды:
- «Өзін-өзі таныстыру»
- «Таңдаған тақырыпқа эссе жазу»
- «Тест сұрақтары»
- «Психологтың электрондық портфолиосы»
Аудан, қалалардан барлығы 7 педагог-психолог қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
- І дәрежелі дипломмен Ербосын Бибігул Досболқызы (Қарақия ауданы №5 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы)
- ІІ дәрежелі дипломмен Базарбаева Ұлбике Сметуллаевна (Мұнайлы ауданы №13 мектеп-гимназиясының педагог-психологы);
- ІІІ дәрежелі дипломмен Утепова Нұрсауле Аманғалиқызы (Жаңаөзен қаласы №21 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы) марапатталады.
Маңғыстау облысының білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік ...
1. Жалпы ережелер 1. Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға ...
Ағымдағы жылдың 9 қыркүйек күні аудан, қаладағы оқу-әдістемелік орталық ...
2021 жылдың 3 қыркүйегінде халықаралық PIRLS-2021 зерттеуіне дайындық жұмыстар ...
Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен ...
Ағымдағы жылдың 20 мамыр күні «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық ...
Маңғыстау облысының білім басқармасының 13.05.2021 жылғы №49нқ бұйрығына сәйкес, 2021 ...
Шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілерді қолдау, білім беру ...
Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс–шара ...
2021 жылдың 13 мамыр күні «Тәлімгерлік іс-әрекет арқылы мұғалімнің кәсіби дамуы» ...