Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Маңғыстау облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2021 жылға арналған іс-шаралар ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2021 жылғы іс-шаралар ...
2 қараша —20 желтоқсан күндері аралығында Маңғыстау облысының әкімдігі ...
2021 жылдың 2 қараша күні Облыстық психологиялық кеңес қызметінің іс-шаралар ...
02.11.2021ж күні облыстық физика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ...
2021 жылғы 27 қазан күні мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің ...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында «Қазақстан ...