Орталық жаңалықтары

Облыстық «Қобыз сарыны» байқауы

2024 жылдың 19 сәуір күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, облыстық қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының жоспарына сәйкес Ақтау қаласы, «Оқушы орталығында» өнер және музыка мектептеріндегі қобыз пәнінің педагогтері арасында  «Қобыз сарыны» тақырыбында облыстық байқау өткізілді.

Шығармашыл мамандарды қолдау, кәсіпқой қобызшылар арасында тәжірибе алмасу, музыка саласында өзін-өзі жетілдіруге жағдай жасау мақсатында өткізілген облыстық байқауға (мектепішілік іріктеу кезеңіне 13 жеке орындаушы, 4 ансамбль ұжымы) 7 жеке орындаушы мен 2 ансамбль ұжымы қатысты.

Қорытындысында байқауға қатысушы педагогтер білім берудің оқу-әдістемелік орталығының Дипломдарымен марапатталды.

Жеке орындаушылар бойынша:

І орын- Ербозова Гүлжамал Аманғалиқызы, Ақтау қаласы, Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер  мектебі. Қобыз пәнінің мұғалімі

ІІ орын- Жұбатқанова Мәдина Қасымқызы, Жаңаөзен қаласы, М.Өскенбаев атындағы балалар музыка мектебі. Қобыз пәнінің мұғалімі

ІІІ орын- Әзірбай Толғанай Болатбекқызы, Қарақия ауданы, Өскенбай Қалманбетұлы атындағы балалар өнер мектебі. Қобыз пәнінің мұғалімі

ІІІ орын- Мукаева Ардак Алдановна, Түпқараған ауданы,  Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі. Қобыз пәнінің мұғалімі

Ансамбль бойынша:

І орын- "Қобызшалар триосы", Жаңаөзен қаласы, М.Өскенбаев атындағы балалар музыка мектебі

ІІ орын- «Әуез» квартеті, Түпқараған ауданы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі.

 

title=title=title=


Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 9 ...

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ...

«Зерделі» ақыл – ой дамыту мектебінің білім басқармасымен бірлескен ...

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген ...

«Үздіктер шеруі - 2024» облыстық шарасы өтті. 2024 жылғы 27 желтоқсан күні аудан, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Дарын» республикалық ...

2024 жылғы 13 желтоқсан күні Қ. Жұмашевтың қатысуымен Х. Өзбекғалиев атындағы ...

2024 жылғы 13 желтоқсан күні Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...