Орталық жаңалықтары

Облыстық «Музыкалық олимп» байқауы

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Ақтау қаласы, Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінде теория, сольфеджио пәндерінен сабақ беретін педагогтер арасында алғаш рет облыстық «Музыкалық олимп» байқауы өткізілді.
  Музыкалық білім саласындағы педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған облыстық байқауға 5 педагог қатысты
Ережеге сәйкес, педагогтер өздерін қысқаша таныстырып, теория мен сольфеджио пәндері бойынша оқушылардың білімін қалыптастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді көрсете отырып десант сабақтар өткізді, оқу курсының бағдарламасы мен педагогика-психология мазмұнынан құралған тест сұрақтарына жауап берді.
Байқау кезінде қатысушылар инновациялық әдістемелер мен шығармашылық тәсілдерді қолдану арқылы өздерінің педагогикалық дағдыларын көрсетіп, шеберліктерін бағалатты.
  Бұл байқау педагогтер арасында тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы жаңа әдістермен танысуға мүмкіндік берді.
  Қорытындысында жеңімпаздар білім берудің оқу-әдістемелік орталығынының дипломдарымен марапатталды.
І орын – Салықбаева Жанар Анарбекқызы (Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі);
ІІ орын – Еркинбаева Гулсинай Таганбаевна (Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің Балалар өнер мектебі);

ІІІ орын – Кәдірова Алтынай Жасұланқызы (Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің Өнер балалар мектебі).
  «Жаңашыл педагог» номинациясымен Айтжанова Нургуль Исмагуловна (Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу балалар өнер мектебі);
«Шығармашыл педагог» номинациясымен Дуйсенгалиева Рита Нурмагамбетовна (Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі)
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

Сілтемесі: https://www.facebook.com/share/r/19dYLcgnak/ 

 



Педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 9 ...

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ...

«Зерделі» ақыл – ой дамыту мектебінің білім басқармасымен бірлескен ...

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген ...

«Үздіктер шеруі - 2024» облыстық шарасы өтті. 2024 жылғы 27 желтоқсан күні аудан, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының «Дарын» республикалық ...

2024 жылғы 13 желтоқсан күні Қ. Жұмашевтың қатысуымен Х. Өзбекғалиев атындағы ...

2024 жылғы 13 желтоқсан күні Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...