«Психология әлемі» облыстық байқауы
2023 жылдың 22 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардағы және жалпы білім беретін мектептердегі жас педагог-психологтар арасында “Психология әлемі” сырттай байқауы өткізілді. Мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік шеберлігін көрсете алатын жас педагог – психологтарды анықтау, қолдау және ынталандыру, педагог-психолог мамандығының дәрежесін көтеру.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
“Педагог-психологтың визиттік карточкасы” - таныстыру;
“Тәжірибелік іс-шара” - өз жұмыс тәжірибесін көрсету;
“Таңдаған тақырыпқа эссе жазу”.
Аудан, қалалардан барлығы 13 педагог-психолог қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар арасында:
І дәрежелі дипломмен Мұнайлы ауданы №5 "Айналайын" бөбекжайының педагог-психологы Утеулиева Айман Кеңесбайқызы;
ІІ дәрежелі дипломмен Жаңаөзен қаласы, №4 "Самал" бөбекжайының педагог-психологы Табылдиева Қазына Дүйсенғалиқызы;
ІІІ дәрежелі дипломмен Қарақия ауданы "Аружан" бқбекжайының педагог-психологы Алданепесова Меруерт Бисенқызы;
ІІІ дәрежелі дипломмен Маңғыстау ауданы "Дарын" балабақшасының педагог-психологы Ізбасарова Ақтоты;
Жалпы білім беретін мектептер арасында:
І дәрежелі дипломмен Мұнайлы ауданы Ш. Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Самархан Бағдат Әбубәкірқызы;
ІІ дәрежелі дипломмен Түпқараған ауданы Е. Өмірбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Елеусинова Милана Әминқызы;
ІІІ дәрежелі дипломмен Қарақия ауданы №9 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Қашқынбай Сандуғаш Жақсыбайқызы марапатталады
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру ...
Маңғыстау облысында балалардың жазғы каникулда бос уақытын тиімді ұйымдастыру ...
2020 жылдың 15-19 маусым аралығында <Назарбаев Зияткерлік мектептері> ДББҰ Пшо ...
Ағымдағы жылғы 22 мамыр күні «Қылмыстың алдын алу ортақ міндет» ...
Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өтетін «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» ...
«БІЗ БАРЛЫҚ ОТБАСЫМЫЗБЕН БИЛЕЙМІЗ, ТІГЕМІЗ, СУРЕТ САЛАМЫЗ ЖӘНЕ ӘН ...
Қосымша білім беру ұйымдарының әкімшілік құрамымен жаз мезгілінде қашықтықтан ...
Облыстық оқу –әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс- ...
Байқау жұмыстары 2020 жылғы 5 мамырдан 8 шілдеге дейін rumcdo0520@mail.ru. электрондық ...