Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – шаралар ...

2020 жылы  9 желтоқсан күні облыстық оқу –әдістемелік және қосымша  білім беру ...

Іс-шараға Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг ...

Облыстық оқу –әдістемелік және қосымша білім беру орталығы мен математика пәні ...

Сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1c7W3HJZvVrWULlDYjM7zvqn2IBmXSHXs?usp=sharing  ...

Ағымдағы жылдың 16-27 қараша аралығында ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру ...

Ағымдағы жылдың 26 қараша күні бала тәрбиелеуде өзіндік ұстанымы мен қағидалары ...

Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында республикалық қосымша білім беру ...

Орталықтың 2020 жылғы 29 қазандағы № 64 нқ бұйрығына сәйкес, 18 қараша күні қосымша ...

Маңғыстау облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 12-23 қараша ...