РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК!
Астана қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған Республикалық "Жас сарбаз" әскери-патриоттық әндер және шығармашылық фестивалі өтті.
Фестивальге республика бойынша 20 команда қатысты. Фестиваль "Орындаушы-вокалисттер", "Фольклорлық ансамбль", "Вокалдық-аспаптық ансамбльдер (топтар)" аталымдары бойынша додаға түсті.
Маңғыстау облысынан қатысқан Мұнайлы ауданының Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің "SHOGY этно-бенд" командасы "Вокалдық-аспаптық ансамбльдер" аталымы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары (А.Мендогунов А.К., Нуржау А.С., Серікұлы Н., Меңдіғұл Н.К., Аралбай Н.А.) және жетекшісі Жаңғабылов Ерлан Мұратбайұлы бастаған топ облыс мерейін өсірді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
2022 жылдың 9 ақпан күні Маңғыстау облысының білім басқармасының білім берудің ...
04.02.2022ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «PISA-2022» тапсырмаларын ...
04.02.2022ж күні облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының №13 нқ бұйрығы ...
«Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің маңызы» тақырыбында мектепке ...
География пәні мұғалімдеріне «PISA-2022» тапсырмаларын орындаудың оңтайлы ...
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне 03.02.2022 ж. "PISA тапсырмаларын орындау ...
02.02.2022ж. Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Шетел тілі пәні ...
Ағымдағы жылдың 31-ші қаңтарында Маңғыстау облысының білім басқармасының Білім ...
Ағымдағы жылдың 28-ші қаңтарында Ақтау қаласындағы білім беру мекемелеріндегі ...
2022 жылдың 28 қаңтар күні Маңғыстау облысының білім басқармасының жоспарына ...















