Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
2020 жылдың 14 қыркүйек күні республикалық бюджет есебінен құрылғылардың кезекті ...
Бүгін 28 тамыз күні Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мұғалімдердің ...
2020 жылы 21 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...
2020 жылы 21 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...
2020 жылы 21 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні ...
2020 жылы 20 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...
2020 жылы 20 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...
2020 жылы 19 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...
2020 жылы 19 тамыз күні облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...