«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» облыстық байқауы
2026 жылдың 17 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы №17 «Күншуақ» бөбекжайы базасында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері арасында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңі офлайн форматта өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің озық педагогикалық тәжірибесін қолдау және тарату, әдістемелік жұмыстың сапасын арттыру.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Реева Турсынай Жусипбаевна, Мұнайлы ауданы №6 «Өркен» бөбекжайының әдіскері;
ІІ орын – Қыдырбаева Амангул Жарылгасыновна, Бейнеу ауданы «Боранқұл» бөбекжайының әдіскері;
ІІІ орын – Орунбай Илия Исағалықызы, Ақтау қаласы №4 «Аққу» бөбекжайының әдіскері.
Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Кәсіби ізденістеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...
2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...
2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...
2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...














