Орталық жаңалықтары

«Сабақты тиімді жоспарлау – мұғалімнің кәсіби шеберлігі» тақырыбында облыстық семнар өтті.

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары бойынша «Сабақты тиімді жоспарлау – мұғалімнің кәсіби шеберлігі» тақырыбында облыстық семнар өтті.

Семинардың мақсаты – 2024-2025 оқу жылында педагогикалық қызметін жаңадан бастаған жас мамандарға кәсіби бейімделуі барысында белсенділігін арттырып, оқу үрдісін қалыптастыру деңгейін көтеру.

Семинарға қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, құқық пәндерінен 80 жас маман қатысты.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы семинарға қатысушы жас мамандарды құттықтап, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалының менеджері Копбергенова Санбиби Сабырбаевна «Өзіңді дамыт және Санаға сапар» тақырыбында презентация жасап, жас мамандармен пікір алмасып, мотивациялық тренинг өткізді.

Сонымен қатар, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Ұзақбай Айжан Жұбанқызы «Сабақты тиімді жоспарлау», Қаржаубаева Гулфайруз Нұфтоллақызы «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағын өтуде қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыптарында қазақ тілі мен әдебиетінің жас мамандарына шеберлік сыныптарын өткізді.

Шегебаева Гүлсім Тоқсанбайқызы «Қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімді жолдары», Рубилова Акмаржан Айдаровна «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру тәсілдері» тақырыптарында тарих, құқық пәндерінің жас мамандарына әдістемелік көмек көрсетті.

Аймагамбетова Зулайха Усембаевна «Критериальное оценивание как фактор повышения качества знания учащихся», Утарбаева Жадыра Кенжеевна «Развитие функциональной грамотности на уроках русского языка и литературы» тақырыптары бойынша орыс тілінің жас мамандарымен жұмыс жасады.

Имашева Калдигул Бердигожаевна «Сабақты тиімді жоспарлауда не нәрсеге көңіл бөлген жөн?», Нурмагамбетова Баян Шаураевна «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын сараптау және дескриптор құру» тақырыптарында ағылшын тілі пәнінің жас мұғалімдеріне шеберлік сыныптар өткізді.

Семинар соңында тренерлер, жас мамандармен дөңгелек үстел өткізіліп, ұсыныс, пікірлер тыңдалып, қорытындыланды. 

title=title=title=title=title=