Орталық жаңалықтары

«Шыңдалу» мектебінің перспективасы» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2023 жылдың 30 қаңтар күні ҚР халық ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденді ұстаз Бақыт Балұлының «Шыңдалу» мектебі атауымен облыстық «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің қауымдастығының» жоспарына сәйкес кәсіби шеберлік пен білікті мамандарды шыңдауға негізделген ««Шыңдалу» мектебінің перспективасы» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинарға облыс бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер мұғалімдерінен құралған «Шыңдалу» мектебінің мүшелері қатысты.

Мақсаты: «Шыңдалу» мектебінің жылдық жоспарымен танысу, 2023 жылы атқарылатын іс-шаралардың мақсат-міндеттерін айқындау, жауапты жетекшілер тағайындау, «Аңыз адам» журналын құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Вебинар облыстық Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызының басшылығымен өтті.

Жиналыста «Шыңдалу» мектебінің ережесі мен жоспары таныстырылып, талқыланды. «Аңыз адам» журналының эскизі көрсетіліп, барша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін белсенділік танытып, атсалысуға шақырды.

Мұғалімдерге ізденіс жолында тек шығармашылық табыс, сәттілік тіледік. 

title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...

2026 жылғы 17 ақпанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2026 жылға арналған Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

2026 жылдың 10-11 наурыз күндері «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 10 ...

Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы Республикалық ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 6 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы ...