Орталық жаңалықтары

«Үздік оқырман» облыстық қашықтық байқауы өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 14 желтоқсан күні Білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Үздік оқырман» облыстық қашықтық байқауы ұйымдастырылды. Байқауды өткізудегі мақсат - кітаптың білім таратудағы маңыздылығы мен оны сақтаудың құралы екенін айқындау, оқушылардың бос уақыты нысанасы ретінде кітап оқуды дәріптеу, кітап оқуды адамның рухани өмірінің маңызды факторы ретінде насихаттау.

Байқауға аудандық, қалалық кезеңдерден іріктелген 14 оқушы қатысты. Олардың жас ерекшеліктері ескеріліп, екі топқа (8-13 жас аралығы 14-17 жас аралығы) топтастырылды. Бұл ереже жасақтауда да ескерілді.

Байқаудың бірінші кезеңінде қазылар алқасы байқау қатысушылары алдын ала ұсынған бейне таныстырылымдарын қарап, бағалады.

Ереже бойынша 8-13 жас аралығындағы оқушылар соңғы оқыған 2 ертегі мен 1 көркем шығарманың, ал 14-17 жас аралығындағы оқушылар 3 көркем шығарманың тізімін ұсынған болатын. Байқаудың екінші кезеңінде оқушылар сол бойынша дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Ал үшінші кезеңде «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясындағы 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарындағы» «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы бөлімінде қамтылған жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларынан ZOOM қосымшасы арқылы жатқа үзінді (монолог, өлең) оқыды. 8-13 жас аралығындағы оқырмандар үшін Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен Бердібек Соқпақбаев шығармалары ұсынылса, 14-17 жас аралығындағы оқырмандар үшін Әбіш Кекілбаев, Светқали Нұржан, Сабыр Адай, Сайын Назарбек шығармалары таңдалды.

Төртінші кезеңде 8-13 жастағы оқушылар «Менің сүйікті кітабым», ал 14-17 жастағы оқушылар «Мына кітапты (шығарманы) міндетті түрде оқуға кеңес беремін!» тақырыптарында сүйікті авторының бір шығармасының немесе кітабының таныстырылымын бейнематериал ретінде ұсынды.

Қазылар алқасы талапкерлердің еңбектерін жан-жақты қарап, бейнематериал дайындаудағы балалардың өзін-өзі ұстауы, берілген критерийлер бойынша жұмыстың сапалы орындалуы, мәнерлеп оқудағы дауыс ырғағы, рөлге енуі, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруі, тақырыбы мен идеясын, соған сай эпизодтарды жеткізе алуы, сөйлем құрастыруы т.б. шеберліктері сынға алынды. Әрине, мәнерлеп жатқа оқуда кемшіліктер жеткілікті. Ал прозалық туындыларды бәрі де қызыға оқығаны, жазушы көзқарасын жете түсінгені байқалды.

Қазылар алқасы балалардың еңбектерін саралай келе, төмендегідей ортақ кемшіліктерді атап көрсетті:

Поэзиялық, прозалық туындыларды таңдауда қалың оқырманға бұрыннан белгілі, жатталып қалған «Менің атым - Қожа» (Б. Соқпақбаев), «Ұлпан» (Ғ.Мүсірепов), «Махаббат, қызық, мол жылдар» (Ә.Нұршайықов) сияқты туындылардың орнына (бұл шығармалардың 3-4 рет қайталанып келгені тағы бар), соңғы жылдары жарық көрген, бүгінде мектеп оқулықтарына енгізіліп жатқан – О.Бөкей «Атау кере», Б.Мұқай «Өмірзая», М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» секілді бүгінгі өмір шындығын терең қамтуға тырысқан туындыларды оқып, насихаттағаны жөн болар еді.

Дайындалған бейнероликтердің сапасына мән бермеуі, критерийлерді ескермеуі, оқушы этикасы, орфоэпиялық заңдылықтардың сақталмауы, т.б. Бұндай кемшіліктердің болашақта ескерілу керектігі айтылды.

Қазылар алқасы оқушылардың кемшіліктері мен жетістіктерін саралай келе, жинаған ұпайларына сәйкес төмендегідей орындарды ұсынды:

8-13 жас аралығында:

І орын – Жумали Алдияр, Ақтау қаласы, №21 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы;

ІІ орын – Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Асылбек Кәусар мен Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушысы Нақыпбек Бибінұр;

ІІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің 4-сынып оқушысы Құрбанбай Бауыржан мен Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектепің 6-сынып оқушысы Жадыгерұлы Мейрамбек және Бейнеу ауданы, Есет мектеп-бөбекжай кешенінің 7-сынып оқушысы Қаржау Жанерке.

ІV орын – Маңғыстау ауданы, Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінің 5-сынып оқушысы Нұрберген Арай.

14-17 жас аралығында:

І орын – Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің 9-сынып оқушысы Елеусіз Баянсұлу;

ІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Нұрыханов Қоныс; Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Саматқызы Ақнұр;

ІІІ орын – Ақтау қаласы, №3 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Утебаева Әсел; Қарақия ауданы, Қ.Күржіманұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Әбәбүкір Ләззат;

ІV орын - Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Исмұханбет Арайлым мен Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 10-сынып оқушысы Сапарова Ұлболсын.

Бүгінгі жас ұрпақтың назары әлеуметтік желіні қызықтауға бет бұрған заманда рухани байлығымызды арттыруға тікелей үлес қосатын білім бұлағы – кітаптың рөлі ерекше. Республиканың білім ордаларында қолға алынған «Үздік кітап оқитын мектеп», «Үздік оқырман», «Мен әлемді кітаппен ашамын» т.б. іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор. Үстіміздегі оқу жылында қосылған «20 минут кітап оқу» сағатын бір жүйеге келтіру міндеті де бар. Тек сайыс, байқауларға ғана дайындамай, шараларды әр мектепте өткізу жүйелі қолға алынғаны дұрыс. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай атқарылып жатқан көптеген шаралардың бірі де бірегейі – осы болмақ. 

title=title=title=title=


2024 жылдың 19-шы қыркүйегінде Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы ...

Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...