«Үздіктер шеруі – 2025» облыстық шарасы өтті
2025 жылғы 26 желтоқсан күні аудандық және қалалық оқу-әдістемелік орталықтар мен білім беру ұйымдарының 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша рейтингілік деңгейін айқындау мақсатында «Үздіктер шеруі» облыстық шарасы ұйымдастырылды.
Аталған шара педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, білім беру саласына заманауи әдістемелерді енгізуге және алдағы кезеңдерге арналған тың идеялар мен бастамаларды қалыптастыруға бағытталды.
Шараға аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталықтар мен білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық педагог қатысты.
Іс-шара барысында Алматы кітап баспасы «TopIQ.KZ» білім беру платформасын белсенді қолданып, цифрлық білім беру технологияларына қызығушылық танытқан білім беру ұйымдарына «TopIQ Mobil Box» мобильді білім беру станцияларын Қабдолашева Гүлмарал Наурызбайқызы табыстады.
«Мектеп Еду» электронды журналын уақытылы толтырып, белсенділік танытқан 32 білім беру ұйымының жүйе әкімшілеріне «Edus System» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Бекназарова Қарлығаш Абатбайқызы Алғыс хат пен сыйлық табыстап, сондай-ақ үздік нәтижелер көрсеткен педагогтер облыстық білім басқармасы мен оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттары және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ал жылдың қорытынды рейтингтік көрсеткіші бойынша
-І орын – Мұнайлы аудандық оқу-әдістемелік орталығы;
-ІІ орын – Бейнеу аудандық оқу-әдістемелік орталығы;
-ІІІ орын – Маңғыстау аудандық оқу-әдістемелік орталығы.
Сонымен қатар, «Болашақ ұстазын қалыптастырушы» номинациясы – Жаңаөзен қалалық оқу-әдістемелік орталығына;
«Жетістікке бастайтын жетекші» номинациясы – Ақтау қалалық оқу-әдістемелік орталығына;
«Педагогикалық даму көшбасшысы» номинациясы – Түпқараған аудандық оқу-әдістемелік орталығына табысталды.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
https://drive.google.com/drive/folders/1IQ4BIldSXxDixIzuLjJHS1ldrDPEqHXm?usp=drive_link
https://www.youtube.com/shorts/R1A4vtkF2WA?feature=share
2025 жылғы 26 желтоқсан күні аудандық және қалалық оқу-әдістемелік орталықтар мен ...
Бүгін, 26 желтоқсан күні «Holiday Inn Aktau» қонақ үйінде шалғай және шағын жинақты ...
2025 жылғы 26 желтоқсанда Ақтау қаласы №18 жалпы білім беретін мектепте білім беру ...
2025 жылғы 25 желтоқсанда білім беру саласына бағытталған маңызды іс-шара өтті. ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕТІСТІК! Республикалық “Педагогикалық идеялар панорамасы-2025” ...
2025 жылғы 22 желтоқсан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы Маңғыстау ...
2025 жылғы 18 желтоқсанда №24 жалпы білім беретін мектепте Білім басқармасының ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...
2025 жылғы 11 желтоқсанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспары және ...
__806ce2acd56e82954c99ac42958eb830.jpeg)
__574e1b845b1741050913716a93f3e8b2.jpeg)
__8de6dd0b9754ba7a6d1c732b395aa83e.jpeg)
__dda2cf51831ed811c53c35252b4d124f.jpeg)
__db3b9fca369299cfe7f1f7b289e1ec86.jpeg)
__4133bad0183aad2e93876540a4a09a5b.jpeg)

__cb51840d6ac2fe8f5de39e579e3b425e.jpeg)
__9e19495a4a6f0d09119ad7d2547fa820.jpeg)







__beedb5ad8d6ed6e89ed6dbf12bb8bc33.png)

__806ce2acd56e82954c99ac42958eb830.jpeg)


