Орталық жаңалықтары

“Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі” байқауы өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 19-20 мамыр күндері “Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі” байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде заманауи тәсілдерді іске асыру үшін озат педагогикалық тәжірибені анықтау, жариялау және тарату.

Аталған байқаудың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық кезеңдердің Бас жүлдегерлері болған 7 педагог қатысты.

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні байқауға қатысушы педагогтердің “Заманауи тәрбиеші қандай болуы керек?” тақырыбында жазылған эссесі мен оқыту тіліндегі Е-портфолиосы қаралып, бағаланды.

Байқаудың екінші күнінде қатысушылар офлайн форматта ұсынылған алаң базасында цифрлық технологияларды қолдана отырып кіріктіріліп ұйымдастырылған іс-әрекет (ұзақтығы 15 минут) өткізді.

Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысы төмендегідей болды:

Бас жүлде - Юсупова Айгерім Мауленқызы (Мұнайлы ауданы, #8 “Алтын сақа” бөбекжайы);

І орын - Балабатырова Алмагүл Аллярқызы (Жаңаөзен қаласы, #18 “Мереке” бөбекжайы);

ІІ орын - Жұмажанова Злиха Тұяқбайқызы (Түпқараған ауданы, “Айналайын” бөбекжайы);

ІІІ орын - Ертилиева Бибігүл Мухамедқызы (Қарақия ауданы, "Ғарышкер" бөбекжайы);

"Жаңашыл педагог" номинациясы - Рамадинова Меруерт Қуанышқызы (Ақтау қаласы, #56 "Жұлдыз" бөбекжайы);

"Креативті педагог" номинациясы - Өтесінова Шолпан Еркінбайқызы (Бейнеу ауданы, "Болашақ" бөбекжайы);

"Өнерлі педагог" номинациясы - Жұбанова Ғазиза Халиханқызы (Маңғыстау ауданы, А.Меңдалыұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп).

Байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алған Юсупова Айгерім Мауленқызына сәттілік тілей отырып, барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз. 

title=