Орталық жаңалықтары

1 наурыз – Алғыс айту күні

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен және Маңғыстау облыстық әкімдігінің қолдауымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жалпыадамзаттық құндылықтарға, адал азамат ретінде отансүйгіштікке, адами қасиетке  және еңбекқорлыққа өскелең ұрпақты баулитын өнегелі, игі істердің үлгісін насихаттауға, мейіріммен алғыс білдіруге бағытталған «Отаным, саған мың Алғыс!» тақырыбында білім беру ұйымдарында жаппай челлендж ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, 1 наурыз  «Алғыс айту күнін» атап өту бойынша дайындалған ұсынымдармен, тұжырымдамасына орай мейірімділік, достық, ризашылық, азаматтардың бір – біріне деген сүйіспеншілігі сияқты адами қүндылықтарды қоғамда ілгерілету арқылы қазақстандық бірегейлік пен халық бірлігін дамыту және нығайту мақсатында «Алғыс айту» күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, барлық білім беру ұйымдары оқушылармен, ата-аналармен бірлесіп әлеуметтік желілерде челлендж бейнероликтерін орналастырды.

Челлендж қатысушылары өздерінің қызықты оқиғаларымен, сонымен қатар туған жерге деген сүйіспеншіліктері мен мәдени ерекшеліктері, дәстүрлері мен құндылықтары, қоғамдағы бірлік пен келісім туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, алғыстарын білдіреді. 

#АрайлыАтамекенім #ArailyAtamekenim, #Алғысбәріне #Аlgysbarine, #МыңАлғыс #біртұтас_тәрбие  

title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...

2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...

2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...

2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...