ӘДІСКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕКІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Әдістемелік орталықтардың трансформациясы: қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайындағы даму бағыты мен стратегиялық рөлі тақырыбында әдіскерлердің II республикалық форум өтті
Іс-шараға Маңғыстау облысынан 4 педагог қатысты.
Форумның мақсаты: әдістемелік орталықтардың қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелерді талқылау және әдістемелік жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу.
Форумның алғашқы пленарлық сессиясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуы туралы негізгі статистикалық деректерді ұсынды. Сондай-ақ, елде жекелеген өңірлер бойынша білім беру сапасының көрсеткіштері туралы хабардар етті.
Форумның жалғасында "Білім-Инновация"халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Ержан Әубәкіров сөз сөйлеп, өңірлерде білім беру сапасын арттыруға бағытталған жекелеген жобалардың іске асыру туралы айтты.
Ыбырай Алтынсарин ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаевада осындай бастамалардың маңыздылығына түсініктеме берді.
Сондай-ақ, форум аясында Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Дауешова "Елордалық әдістемелік орталықтың трансформациясы: Дамудың негізгі кезеңдері мен перспективалары"тақырыбында сөз сөйледі.
II Республикалық әдіскерлер форумы елордада 28-30 қараша аралығында өтті.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...
2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...
2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...
2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...
















