Аймақтық «Математикалық прогрессия» байқауы өз мәресіне жетті
2025 жылдың 27-28 наурыз күндері білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласының №33 жалпы білім беретін мектебінде математика пәні мұғалімдерінің «Математикалық прогрессия» байқауының аймақтық кезеңі өтті.
Байқауға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу және Маңғыстау облыстарының математика пәні мұғалімдері қатысты. Барлығы 29 педагог қатысты. Қатысушылар 3,5 сағатта 25 стандарттық және 5 олимпиадалық есептер шығарды.
Байқаудың ашылу салтанатты шарасы өтті. Шараға Маңғыстауда математика ғылымының дамуына үлес қосып жүрген, білім саласының жанашырлары, ұлағатты ұстаз – математиктер, республикалық «Үздік педагог» байқауының жүлдегерлері қатысты. Олар: Ванов Қуантқан Рзаұлы, Асылбаева Маржан Мұрзағалиқызы, Атамаұратова Роза Жолдыбайқызы, Строева Ирина Ивановна, Ақтілеуов Абай Аманбергенұлы.
Ванов Қуантқан Рзаұлы байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар Қ. Рзаұлының «Ұстазым» әні орындалды.
Байқауға қатысушылардан басқа мұғалімдерге «Әріптеске көмек» бағыты бойынша «Esep тimes» семинары ұйымдастырылды. Семинарда А.Едилова (Ақтау қаласы, №16 С.Мұқашев атындағы жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі), С.Бекбаев (Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі), Ө.Ишбатыров (Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі) өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
28 наурыз күні мұғалімдерге байқаудағы тапсырмалар бойынша кері байланыс беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Мұғалімдер есептерді талдап, өз білімдерін шыңдады.
Қазылар алқасы төмендегідей шешім шығарды.
І орын:
- Айсағалиев Әлімбек Савитұлы (Батыс Қазақстан облысы, Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі);
ІІ орын:
- Тауас Ернар Ізбасарұлы (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№125 High school мектебінің математика пәні мұғалімі);
- Орақов Әлібек Жұмабайұлы (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
№17 жалпы білім беретін мектептің математика пәні мұғалімі);
ІІІ орын:
- Жамалбек Кәдірбай (Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі);
- Рахметуллаев Айтымбет Сапарғалиұлы (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Жас-Қанат мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі);
- Қоңырбаев Ермек Мұхтарұлы (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, New Format High School мектебінің математика пәні мұғалімі);
- Дүйсенбаев Бахытжан Генджебайұлы (Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің математика пәні мұғалімі);
Ынталандыру марапатымен:
- Жұманова Үмітай Сарсенбайқызы (Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Т.Жармағамбетов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі);
- Симағамбетов Ермек Нұрлықиялұлы (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі);
- Талдаубек Нұрбекұлы (Жетісу облысы, М.Құрманов атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі);
- Қойбағаров Ниязбек (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, New Format High School мектебінің математика пәні мұғалімі);
- Бержанов Руслан (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, New Format High School мектебінің математика пәні мұғалімі);
Барлық қатысушыларға Маңғыстау облысы білім басқармасының «Алғыс» хаты табысталды.
Жеңімпаз мұғалімдерді құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!
2025 жылдың 23 сәуір күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының 21.04.2025 жылғы №99-нқ ...
2025 жылы 23 сәуір күні, Маңғыстау туризм колледжінде “Жұмысшы мамандықтары туралы ...
Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 15 сәуір күні №25744 ...
2025 жылғы 31 наурыз күні «Оқушылар сарайында» Worldskills Aktau-2025 Х өңірлік кәсіби ...
2025 жылғы 27-28 наурыз күндері Астана қаласында өткен республикалық «Алтын тұғыр» ...
2025 жылдың 27-28 наурыз күндері білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Ағымдағы жылдың 21 наурыз күні Маңғыстау облысының Жастар ресурстық орталығының ...