Орталық жаңалықтары

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өтетін
«БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» балалар суретінің онлайн-байқауы

1. Жалпы ережелер
1. «Барлығы балалар үшін» балалар суретінің онлайн-байқауының (бұдан әрі – Байқау) осы Ережелері байқаудың мақсатын, міндеттерін және өткізу тәртібін белгілейді.

2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- балалар шығармашылығын дәріптеу;
- балалардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыра отырып, шығармашылық потенциалын дамыту;
- оқушылардың көркем шығармашылығы саласында талантты балаларды анықтау және қолдау;
- көркем шығармашылыққа қызығушылықтарын ояту;
- оқушылардың қоғамдық өмірге араласуы үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгерту.

2. Байқауды «Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы» КММ өткізеді.
3. Байқаудың ұйымдастыру комитеті, әділ қазылар алқасының құрамын облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы қалыптастырады.
3. Байқауды өткізу орны және уақыты
4.Байқау 2020 жылғы 10 маусымда сырттай өткізіледі.
5. Аудан, қалалардың білім бөлімі басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2020 жылғы 8 маусымға дейін облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының umcdo@mail.ru электронды поштасында қабылданады.
6. Өтінімге қоса мыналар тіркеледі:
1) Байқаудың аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздарын облыстық байқауға қатысу үшін сұранысы;
2) қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ә. білім беру ұйымы,сыныбы, жұмыстың тақырыбы, байланыс телефондары);
3) қойылған талаптарға жауап беретін сапалы жұмыстар.

4. Байқауға қатысушылар
7. Байқауға аудандық, қалалық «Барлығы балалар үшін» байқауындағы жеңімпаздар – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Қатысушылардың жасы:
Орта топ – 10-13 жас
Жоғарғы топ – 14-16 жас
8. Облыстық байқауға әр аудан, қаладан 2 оқушының жұмысы қабылданады.

5. Байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі
9. Байқау екі кезең бойынша (сырттай) өткізіледі:
- бірінші кезең – аудандық/қалалық;
- екінші кезең – облыстық.
10. Байқауға қатысушы төмендегідей тақырыптарда сурет салу арқылы қатысады:
– «Менің балалық шағым»;
– «Менің отбасым»;
– «Бақыт отбасынан басталады»;
– «Денсаулықты сақтау құқығы»;
– «Болашаққа барар жолым»;
– «Балалар құқығы-адам құқығы»;
– «Табысты болу құқығы»;
– «Балалық шақты қорғау қоғамы».
11. Жұмысқа қойылатын талаптар:
- Суреттерді кез келген материалда кез келген техника (аралас жасауға да болады) арқылы салуға болады;
- Жұмыстың форматы – А3 (42х30 см)
- Байқауға салынған суреттердің сапалы түсірілген фотолары қабылданады.
12.Бағалау өлшемдері:
- жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі, мазмұндылығы;
- жаңашылдығы, өзектілігі, тартымдылығы;
- отбасылық құндылықтар.

Қатысушыларды марапаттау
13. Байқаудың жеңімпадары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
14. Байқау қорытындысы хаттамамен рәсімделеді және жеңімпаздар туралы ақпарат облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының әлеуметтік желілерінде орналастырылады. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.

 

title=


TopIQ платформасында электрондық оқулықтарды ең үздік қолдану бойынша өткізілетін ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына және Арнайы және ...

28.04.2025жылы ''BЕlЕS'' облыстық биология пәні мұғалімдері қауымдастығының ...

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстау ...

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Маңғыстау облысында ҚР ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған іс-шаралар ...

2025 жылдың 23 сәуір күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының 21.04.2025 жылғы №99-нқ ...

2025 жылы 23 сәуір күні, Маңғыстау туризм колледжінде “Жұмысшы мамандықтары туралы ...

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 15 сәуір күні №25744 ...

2025 жылғы 31 наурыз күні «Оқушылар сарайында» Worldskills Aktau-2025 Х өңірлік кәсіби ...