ФИЗИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
27.01.2022ж күні облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен физика пәні мұғалімдеріне арналған «PISA-2022 тапсырмаларын орындаудың оңтайлы жолдары» тақырыбында онлайн форматта семинар-практикум өтті. Семинар практикумға облысымыздағы жалпы білім беру ұйымдарының 96 физика пәні мұғалімдері қатысты.
Орталықтың жалпы орта білім бөлімінің жетекшісң Ш. Қиянова модераторлық еткен семинар-практикум жоғары деңгейде өтті. Семинар барысында тың ақпараттар мен мол мағлұматтар беріліп, қатысушылар тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, мұғалімдер Guizizz платформасында тапсырмалар орындап, аталған әдістерді қолдана отырып, білім алушыларға тапсырма құрастыру, оның жауабын тез алу туралы мәліметтер алды. Физикадан PISA тапсырмаларында кездесетін мәтін есептер, олардың дұрыс жауабын таңдау, ашық жауапқа оқушы пікірін жазу жолдары талданды.
Семинар-практикум спикерлері:
Сулейменова Карлыгаш Амангельдиевна – Мұнайлы ауданы «Қызылтөбе лицейі» КММ-нің физика пәні мұғалімі, «Физика сабағында PISA тапсырмаларын қолдану»;
Алимбеков Хусан - Жаңаөзен қаласы, «Абай Құнанбаев атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің физика пәні мұғалімі, «PISA-2022тапсырмаларын орындаудың тиімді тәсілдері».
Семинар соңында қатысушылар пікірлер алмасып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...
2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...
2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...
2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...



















