Орталық жаңалықтары

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН ЖАЛҒАСТЫ ​

2025 жылдың 04 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының мақсатты мектеп менторлары Жаңаөзен қаласының Төлесін Әлиев атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі, С.Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі, №6 жалпы білім беретін мектебі және №21 жалпы білім беретін мектеп базасында жұмысын жалғастырды. ​

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жаратылыстану-математика бөлімінің жетекшісі Ш.Қиянова мен тәрбие жұмысы және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің жетекшісі Ж.Аманжолова пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, бақылау жасады, әр сабақ соңында мұғалімдерге пән бойынша қысқа мерзімді жоспарда оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару, сабақ мақсаты не үшін керектігі, ҚМЖ құру барысында бөлімдерге уақытты тиімді бөлу, әр тапсырмаға дискрипторларды балдық жүйе негізінде ұпаймен белгілену керектігі айтылды.

Функционалдық сауаттылыққа арналған сараланған тапсырмаларды құру, оқу сауаттылығын дамыту үшін тиімді әдістер, жас ерекшеліктеріне сай түрлі жанрлардағы мәтіндерді оқу, құндылыққа бағытталған тапсырмаларды әзірлеуде нені ескеру қажеттігі, білім алушылардың белсенділігін арттыру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерге негізделген тапсырмалар жасақтау бойынша кері байланыстар берілді.

Қорытындысында мектеп әкімшілік құрамымен кездесіп жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жүргізілді. 

title=title=title=title=title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...

2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...

2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...

2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...