Орталық жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ «МЕНІҢ ЗЕРТТЕУ ЖОБАМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2025 жылдың 28 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын сынып жетекшілерді анықтау және қолдау, тәрбие жұмысына ғылыми тұрғыдан қарауға дағдыландыру, жаңа тәжірибелер мен идеяларды тарату мақсатында «Менің зерттеу жобам» байқауының облыстық кезеңі сырттай өткізілді.

Байқауға аудан, қала бойынша 6 сынып жетекші қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша сынып жетекшілер төмендегідей жүлделі орындарымен марапатталды:

І орын – Таганиязов Бердіхан Өмірханұлы, Мұнайлы ауданы №19 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиетінің пәні мұғалімі:

ІІ орын – Альчораева Гүлнара Қазиқызы, Ақтау қаласы №24 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиетінің пән мұғалімі;

ІІІ орын – Қызылғұлова Анара Мұханбетқызы, Түпқараған ауданы «Жалпы білім беретін Шахта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

Шығармашыл сынып жетекші номинациясымен – Сатаева Сымбат Насихатқызы, Маңғыстау ауданы Т.Жалғасбайұлы атындағы жалпы білім беретін Шайыр мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;

Жаңашыл сынып жетекші номинациясымен – Онербаева Ақбике Амангелдіқызы, Жаңаөзен қаласы №17 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі;

Ізденімпаз сынып жетекші номинациясымен - Абсерова Кыйгаш Базарбаевна, Манашы жалпы білім беретін мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі.

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! 

title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...

2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...

2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...

2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...