Орталық жаңалықтары

Облыстық «Тілші мұғалімдер-2025» олимпиадасы өтті.

2025 жылдың 27-28 ақпан күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласының Ибаш Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Тілші мұғалімдер-2025» олимпиадасы өтті.

«Тілші мұғалімдер» олимпиадасының мақсаты – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оларды қолдау, мәртебесін көтеру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар үздік педагогтерді марапаттау, іс-тәжірибесін тарату.

Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары болған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен – 8, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен – 8, ағылшын тілі пәнінен – 8, барлығы 24 педагог қатысты.

Теориялық кезеңде педагогтер педагогикалық идеяларын қорғау, пән бойынша тапсырма, эссе жазу бойынша сынға түсті.

Педагогикалық идеяны инновациялық маңыздылығы, жаңашылдығы, тәрбиелік және даму аспектілері, білім беру ұйымдарында қолдану мүмкіндігінің нәтижесін көрсете қорғаса, пәндері бойынша қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау тапсырмаларын, ағылшын тілі пәні мұғалімдері функционалдық сауаттылыққа қатысты тапсырмаларды орындады.

Олимпиаданың екінші кезеңінде қатысушы мұғалімдер жеребе арқылы таңдаған тақырып бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Екі күн өткізілген олимпиаданың қорытындысында мұғалімдер төмендегідей нәтиже көрсетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:

І орын - Қабдешова Ажар Оралбекқызы (Түпқараған ауданының Ғ.Айдаров атындағы #1 мектеп-лицейі);

ІІ орын - Көбен Айдар Асанұлы (Ақтау қаласының #24 жалпы білім беретін мектебі);

ІІІ орын - Аманжол Айжан Махмуджанқызы (Мұнайлы ауданының #10 жалпы білім беретін мектебі).

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:

І орын - Рахметова Гүлнара Силанқызы (Мұнайлы ауданының #10 жалпы білім беретін мектебі);

ІІ орын - Төлегенова Алия Серікқызы (Ақтау қаласы "Sana school" жекеменшік мектебі);

ІІІ орын - Абдиева Раушан (Жаңаөзен қаласының #2 жалпы білім беретін мектебі).

Ағылшын тілі пәні бойынша:

І орын - Пірмантаева Балуза Қошқарбайқызы (Ақтау қаласының "JOO HIGH SCHOOL" жекеменшік мектебі);

ІІ орын - Сабитова Гаухар Серікқызы (Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-гимназиясы);

ІІІ орын - Қонарбаева Анбия Әбуқызы (Мұнайлы ауданының Ш.Мұңалұлы атындағы #5 жалпы білім беретін мектебі).

Үш пән бойынша да басқа қатысушылар ынталандырумен марапатталып, сертификаттар тапсырылды. Сондай-ақ, екі күн бойы әділқазылық еткен қазылар алқасының мүшелеріне де орталықтың Алғысы тапсырылды.

Барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз 

title=title=title=title=


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Маңғыстау ...

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Маңғыстау облысында ҚР ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған іс-шаралар ...

2025 жылдың 23 сәуір күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының 21.04.2025 жылғы №99-нқ ...

2025 жылы 23 сәуір күні, Маңғыстау туризм колледжінде “Жұмысшы мамандықтары туралы ...

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы 15 сәуір күні №25744 ...

2025 жылғы 31 наурыз күні «Оқушылар сарайында» Worldskills Aktau-2025 Х өңірлік кәсіби ...

2025 жылғы 27-28 наурыз күндері Астана қаласында өткен республикалық «Алтын тұғыр» ...

2025 жылдың 27-28 наурыз күндері білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...