Облыстық психологиялық кеңес қызметінің тоқсандық есебінің тыңдауы
2021 жылдың 2 қараша күні Облыстық психологиялық кеңес қызметінің іс-шаралар жоспары аясында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Мамаева мен психолог Г. Койтанова Мұнайлы ауданының психологиялық кеңес қызметінің есебін тыңдады.
Тақырыбы: «Облыстық білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылығын болдырмау үшін жұмыс жүйесін дамыту. Мұнайлы ауданы бойынша құрылған психологиялық кеңес қызметінің есебін тыңдау».
Семинарға, аудандық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, психологиялық кеңес қызметінің төрағасы, жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтары және аудандық ювеналды полиция қызметкері, емхана бөлімінің маманы қатысты.
Мұнайлы ауданы білім бөлімінің тәрбие бөлімінің бас маманы, Психологиялық кеңес қызметінің төрайымы Ш.Ө.Жасанова семинар бағдарламасымен, спикерлерлермен таныстырды.
1. Кабулова Азиза Хайтбаевна (Мұнайлы ауданы №4 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары) «Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, құқықтық санасын тәрбиелеу»;
2. Джайлханова Анар Нугаевна (Мұнайлы ауданы педагог-психологы) «Құқықбұзушылықтың алдын алуда психологиялық қолдау және ағарту жұмыстары» тақырыптарында аудан бойынша психологиялық кеңес қызметінің жұмыстарына презентация жасап, нәтижесін көрсетті.
Қатысушыларға аудандық кеңес қызметінің төрайымы сұрақтар қойып, дер кезінде жіберілген кемшіліктердің алдын алуды ескертті.
Г. Қойтанова кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау фактілерінің алдын алуда білім алушылардың және барлық профилактика субъектілерінің заңды өкілдерін педагог-психологтармен ақпараттандыру алгоритмімен таныстырып, осы алгоритмді жұмыс барысында қолдануға тапсырма берді.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...
2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...
2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...
2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...



















