Педагог-психологтарға арналған облыстық семинар-практикум өтті.
2023 жылдың 23 қаңтар күні Ақтау қаласындағы И.Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектепте педагог-психологтарға арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Мақсаты: Педагог-психологтардың тәжірибесінде қолданылатын тиімді ресурстық әдістерді қолдану арқылы кәсіби шеберлігін арттыру және тәжірибе алмасу.
Семинарға облыстың жалпы білім беру ұйымдарынан 38 маман қатысты.
"Педагог-психологтың тәжірибесіндегі ресурстық әдістер" тақырыбында өткен семинар-практикумда өз іс-тәжірибесімен бөліскен педагог-психологтар:
1. Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы ат. №5 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Джайлханова Анар Ноғайқызы - “МАК карталарының мүмкіндіктері”.
2. Бейнеу ауданы, Атамекен жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы Абитова Камшат Амангелдіқызы - “Құм терапиясы. Құмдағы ғажайып ойындар”.
3. Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының педагог-психологы Есбергенова Жансая Жаңбырбайқызы - “Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда арт-терапия элементтерін қолдану”.
Қатысушылар ұсыныс пікірлерін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...
2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...
2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...
2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...



















