Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының ашылу салтанаты өтті
Бүгін, 2024 жылғы 14 қазан күні Ақтау қаласындағы «Оқушылар сарайында» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша өтетін IV республикалық кәсіби шеберлік конкурсының ашылу салтанаты өтті.
Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша республикадағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты педагогтерін анықтау және қолдау мақсатында өтетін конкурстың ашылу салтанатына 700-дей адам қатысты.
Шара аясында «Этно Fest: Дәстүр. Құндылық. Шеберлік» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, кілем тоқу, ұршық иіру, ши тоқу, құрт жасау сияқты ұлт құндылықтарын айшықтайтын қолөнер түрлерінен шебер сыныптар көрсетілді.
Республикалық конкурстың тәжірибелік кезеңі 15-18 қазан күндері аралығында «Киім дизайны», «Цифрлық модельдеу», «Аспаздық іс», «Наубайхана ісі», «Кондитерлік іс», «Мейрамхана ісі», «Қонақ үйді әкімшілендіру» құзіреттіліктері бойынша Маңғыстау туризм және Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледждерінің арнайы дайындалған алаңдарында өтеді.
Республикалық конкурсқа 18 өңірден 83 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысып, бақ сынайды.
Конкурсқа қатысушылардың кәсіби шеберлігін 50-ден астам сарапшы бағалайды. Олардың арасында академиялық адалдықты сақтау мақсатында арнайы шақыртылған республикалық және халықаралық сарапшылар бар.
Конкурсқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Бүгін, 3 қазан күні Ақтау қаласында Ұстаздар күніне орай салтанатты шара өтті. ...
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный ...
Марапатталушылардың қатарынан табылған өлкеміздің өнегелі ұстазы, елге қызмет ...
Аталған шараға қатысушылар аудан, қала бойынша білім беру ұйымдары директорының ...
2025 жылдың 25 қыркүйегінде Маңғыстау облысының білім басқармасының қолдауымен ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының ...
«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан ...
Маңғыстау облысының білім басқармасының 16.09.2025ж. № 201-нқ бұйрығына сәйкес 2025 ...