Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті
2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты жиынға 700-ге жуық мұғалім мен білім саласының ардагерлері, облыс басшылығы және құрметті қонақтар қатысты.
LED экран арқылы көрсетілген бейнеролик, шығармашылық қойылымдар кештің мазмұнын арттырды.
Облыс әкімінің орынбасары Ізбергенов Ербол Күрентайұлы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, білім беру саласына қосқан үлестері үшін үздік педагогтарды ҚР Президентінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін» ордендерімен және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ведомоствалық «Еңбек ардагері», «Ыбырай Алтынсарин» ордендерімен, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының білім беру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін ұстаздарды көтермелеу мақсатында облыс әкімінің қаулысымен жетістіктері жоғары мұғалімдерге 12 бағыт бойынша 12 үздік мұғалімге облыс әкімінің «Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі мен 500 000 теңге көлемінде бір жолғы сыйақы тағайындалды.
Аталған конкурстың ІІ орын иегерлеріне Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының қоғамдық бірлестігі 12 ұстазға шипажай демалыс орнына жолдама табыстады.
Мерекелік кеш аясында ұстаздар мен қонақтарға арналған фотозона, әдемі музыкалық атмосфера, концерттік нөмірлері ұсынылды. Мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру, үздіктерді насихаттау және ұстаздарға құрмет көрсету шараның негізгі мақсаты болды.
Іс-шара ұстаздарға деген ыстық ықылас пен алғыс сезімін жеткізе отырып, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...
2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...
2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...
2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...





















