Ұстаздар мерекесі / 03.10.2025
Бүгін, 3 қазан күні Ақтау қаласында Ұстаздар күніне орай салтанатты шара өтті. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен 700-ден астам мұғалім, білім саласының ардагерлері және құрметті қонақтар қатысты.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, білім саласына қосқан ерен еңбектері үшін бірқатар педагогтарды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық марапаттарымен – «Еңбек ардагері», «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломымен және облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайы : «Елдің болашағы мұғалімдерге тікелей байланысты. Кез келген қоғамның даму деңгейі мен өркениеттілігі ұстазға деген құрметімен айқындалады. Ұстаз еңбегін қадірлейтін елде білімді ұрпақ өсіп шығып, жарқын болашаққа жетеді» деп атап өтеді. Бұл – педагог еңбегінің мемлекет тарапынан жоғары бағаланатынын көрсетеді. Сондықтан біз өңірде білім сапасын арттыруға және мұғалім мәртебесін көтеруге ерекше мән беріп отырмыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Ұстаздар күніне орай салтанатты жиында жыл басында облыс әкімінің бастамасымен жарияланған «Табысты мектеп» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Бірінші орынды Ақтау қаласындағы мамандандырылған ІТ лицейі иеленді. Жеңімпаз мектепке жаңа автокөлік және басшыдан кіші қызметкерге дейін 3 айлық қаржылай сыйақы берілді.
Екінші орынды Мұнайлы ауданындағы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 мектеп жеңіп алды. Аталған мектептің басшысынан кіші қызметкеріне дейін 2 айлық қаржылай сыйақы берілді. Ал үшінші орын Жаңаөзен қаласындағы №5 мектеп-гимназиясына берілді. Мектеп ұжымы директордан бастап кіші қызметкерлерге дейін бір айлық еңбекақы көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды.
Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы «Үздік колледж» байқауының нәтижесі жарияланып, бас жүлде Маңғыстау жоғары политехникалық колледжіне табысталды. Ынталандыру сыйлығы ретінде Маңғыстау энергетикалық колледжі мен Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі марапатталды.
Мұнымен қатар, білім саласында жетістікке жеткен 12 педагогқа облыс әкімінің арнайы төсбелгісі табысталды. Ал байқаудың екінші орын иегерлеріне шипажайға жолдама берілді. Шара барысында ұстаздарға шынайы алғыс айтылып, еңбектері жоғары бағаланды.
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...
2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...
2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...
2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...




















