Орталық жаңалықтары

"ZhaSTAR - жарқын болашақ иесі" І аудандық жас педагогтер форумы

Бүгін Қарақия ауданының жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында аудандық білім бөлімі мен облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жас педагогтерге арналған І аудандық форум өтті.

Форумның мақсаты - білім беру ұйымдарындағы жас мамандарды қолдау, шығармашылығын шыңдау, зияткерлік пен кәсіби қызметтің жаңа түрлеріне ынталандыру, инновациялық идеялар мен педагогикалық тәжірибе алмасу.

Форумға Қарақия ауданындағы білім беру ұйымдарынан 75ке жуық педагог қатысты.

Бес аудиторияға бөлінген жас педагогтерге облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен облыс бойынша үздік, жас болса да өз мамандығы бойынша үлкен жетістерге жетіп жүрген педагогтер әдістемелік көмек көрсетіп, іс-тәжірибе алмасты.

Форум соңында қатысушыларға психологиялық тренинг өткізілді.

Жас педагогтер форумнан алған әсерлері мен көрген, түйгендерімен бөлісті. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Облыстық «JAS MAMAN - CUP» пікірсайыс турнирі Маңғыстау облысының жас мамандар ...

Бүгін, 2024 жылғы 27 наурыз күні Ақтау қаласындағы Халел Өзбекғалиев атындағы ...

2024 жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2024 жылдың 26-27 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ...

2024 жылдың 26 наурыз күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ...

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Маңғыстау ауданы өнер мектебінің Тұщықұдық ауылы ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...