Орталық жаңалықтары

«Оқытудағы олқылықты жою – оқу сапасын арттыру» тақырыбында жалпы білім беру ұйымдарының негізгі пән мұғалімдеріне арналған вебинар өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні «Оқытудағы олқылықты жою – оқу сапасын арттыру» тақырыбында жалпы білім беру ұйымдарының негізгі пән мұғалімдеріне арналған вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты - мұғалім жұмысындағы маңызды құрамдас бөліктердің бірі болып табылатын оқушылардың біліміндегі олқылықтардың алдын алу, оқу үлгеріміндегі кемшіліктер мен әлсіз тұстарын жоюдың түрлі әдістерін қолданып жүрген педагогтермен іс-тәжірибе алмасу.

Вебинар 4 секция бойынша өтті. Әр секцияда спикер болған мқғалімдер өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдеріне арналған секцияда Ақтау қаласының №19 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хасанова Інжу Өтегенқызы «Білім алушылардың оқылым дағдысындағы олқылықтарды анықтау: жетілдіру жолдары», Түпқараған ауданының З.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарова Айгул Жумахановна «Көркем шығарманы дұрыс талдатып жүрміз бе?», Жаңаөзен қаласының №19 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Джумагулова Гульмира Балабаевна «Устранение пробелов в образовании – повышение качества знаний», Мұнайлы ауданының №7 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Юсупова Нурдана Мухтаровна «Олқылықты жою барысында ақпараттық коммуникалық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыптарында;

Тарих, география пәндерінің мұғалімдеріне арналған секцияда Маңғыстау ауданының Н.Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің география пәні мұғалімі Есенгүл Шыңғысқызы «География сабақтарындағы олқылықтарды жою жолдары», Ақтау қаласының №19 мектеп - гимназиясының тарих пәні мұғалімі Ағниязова Айжан «Тарихты оқытуда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру арқылы олқылықтарды жою тәжірибемнен», Қарақия ауданының №3 жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі Сатыпалдиева Гүлзада Бүркітқызы «География пәнін оқытудағы олқылықтардың орнын толтыру», Ақтау қаласының №9 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Демегенова Алия Туякбаевна «Genially платформасы арқылы оқу сапасын арттыру» тақырыптарында;

Математика, физика, информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған Мұнайлы ауданының №4 жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Бесимбаева Салтанат Сундетбаевна «Математика сабағында олқылықтарды жою және білім сапасын арттыру», Маңғыстау ауданының Ә.Кекілбаекв атындағы жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Ералиева Гүлдана Буркиталиевна «Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру жолдарының тиімді әдістері», Бейнеу ауданының Атамекен жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Әділбаева Рыскүл Мұратқызы «Оқу сапасын арттырудағы мақсатты айқындау», «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының жаратылыстану және гуманитарлы пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Тажибаев Болатбек Толқынбекұлы және Маңғыстау ауданы С.Жаңғабылов атындағы жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Кенебаева Жумагул Аманбековнаның бірігуімен «Оқушы біліміндегі олқылықтарды толтыру жұмыстарын ұйымдастырудағы web-сервистік технологиялар» тақырыптарында;

Химия, биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған секцияда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының жаратылыстану және гуманитарлы пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы «Білімдегі олқылықтарды жою және олардың орнын толтыру мәселесі бойынша педагогтерді әдістемелік қолдау», Бейнеу ауданының Ж.Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Джантурсынова Тогжан Джуманазаровна «Химия сабақтарында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою және материалды қайталау бойынша жұмысты ұйымдастыру», Жаңаөзен қаласының №15 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Абдырыв Сергей «Биология пәні бойынша оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою» тақырыптарында іс-тәжірибе алмасты.

Бүгінгі вебинарда өздерінің білгендерін ортаға салып, көппен бөліскен әріптестерге ризашылығымызды білдіреміз. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Облыстық «JAS MAMAN - CUP» пікірсайыс турнирі Маңғыстау облысының жас мамандар ...

Бүгін, 2024 жылғы 27 наурыз күні Ақтау қаласындағы Халел Өзбекғалиев атындағы ...

2024 жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2024 жылдың 26-27 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ...

2024 жылдың 26 наурыз күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ...

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Маңғыстау ауданы өнер мектебінің Тұщықұдық ауылы ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...