Орталық жаңалықтары

Ақтау қаласының №27, №6 жалпы білім беретін мектептеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 30-31 қаңтар күндері Ақтау қаласының №27, №6 жалпы білім беретін мектептеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

Әдістемелік көмек аясында оқу-әдістемеліктің жаратылыстану-математика пәндерінің бөлім жетекшісі Қиянова Шолпан Орынбасарқызы «Халықаралық зерттеулер жүйесіндегі жаратылыстану - математика пәндерінің ролі», қоғамдық - гуманитарлық бөлім жетекшісі Молдажанова Жансая Құттымұратқызы «Халықаралық зерттеулердегі оқу сауаттылығы, ББЖМ-ны ұйымдастыру» бойынша, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тренері Ұзақбай Айжан Жұбанқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша тренер Аймаганбетова Зулайха Усембаевна «Қалыптастырушы бағалау нәтижесі – жиынтық бағалау көрсеткіші» тақырыбында оқу сауаттылығы, бағалау, БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, қысқа мерзімді жоспар құру және т.б. мәселелер бойынша қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне, Айлекова Эльмира Өтешқызы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында тапсырмаларды дайындау әдістері», Бегеева Рабиға Жұмабайқызы «Халықаралық зерттеу тапсырмалары: ізденіс, нәтиже» тақырыптарында жаратылыстану-математика пәндерінің мұғалімдеріне көмек берді.

Сонымен қатар, мектеп әкімшілігіне мектептің даму бағдарламасы, мектепішілік бақылау жоспарына талдау жасап, әдістемелік көмек берілді. 

title=title=title=title=title=title=title=


Облыстық «JAS MAMAN - CUP» пікірсайыс турнирі Маңғыстау облысының жас мамандар ...

Бүгін, 2024 жылғы 27 наурыз күні Ақтау қаласындағы Халел Өзбекғалиев атындағы ...

2024 жылдың 27 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2024 жылдың 26-27 наурыз күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ...

2024 жылдың 26 наурыз күні ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ...

Ағымдағы жылдың 19 наурыз күні Маңғыстау ауданы өнер мектебінің Тұщықұдық ауылы ...

Маңғыстау облысының білім басқармасы «Орта білім беретін үздік ұйым» және ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 ...