Десанттық сабақтар өтті
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.
Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.
Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау.
2 қараша —20 желтоқсан күндері аралығында Маңғыстау облысының әкімдігі ...
2021 жылдың 2 қараша күні Облыстық психологиялық кеңес қызметінің іс-шаралар ...
02.11.2021ж күні облыстық физика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ...
2021 жылғы 27 қазан күні мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің ...
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында «Қазақстан ...
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары ...
2021 жылдың 28 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...
"BILIMKIDS" платформасы ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық ...

















