"Жас маман" жобасы іске асырылды
Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысы негізінде "7 жұрт" қоғамдық бірлестігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе "Жас маман" жобасын іске асырды.
Соның ішінде "Жас басқарушылар" мектебі белсенді түрде ұйымдастырылуда. Екі айда өңірдің түкпір-түкпірінен келген 100 жас мұғалім білімін жетілдіріп, өмірлік дағды қалыптастырды.
Астана, Алматыдан жоғары білікті, өз саласында жетістікке жеткен эксперт тренерлер шақырылды. Олар мемлекеттік грант арқылы ойда жүрген жобаның жоспарын құру, түрлі конкурстар мен мемлекеттің беріп жатқан мүмкіндіктері жөнінде ақпараттар алды. Педагогтер көшбасшы имиджі, қаржылық сауат, жеке брендті дамыту, жобалық басқару, қазіргі SMM саласы бойынша қызықты кейстермен танысты.
Тек білім алып қоймай алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдай кезінде ескерілетін ережелермен танысып, мамандардан кеңес алды. Көңілді зияткерлік ойынға қатысты, НИШ мұғалімдерімен тәжірибе алмасып, Ted форматтағы кездесулер ұйымдастырылды. Мұның барлығы мұғалімнің жан жақтылығын, қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіліп жатыр.
Жалпы жобаның мақсаты – білікті педагог мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу, жас мамандарды басқарудың заманауи технологияларына оқыту. Басшы лауазымына орналасу талаптарына сәйкес келетін қажетті кәсіби құзыреттілігі, жеке-іскерлік қасиеттері және шығармашылық әлеуеті бар мамандардың резервін қалыптастыру.
Бүгін, 7 тамыз күні балалар мен жасөпірімдердің тәрбиесіне қоғамның назарын ...
2024 жылдың 19-21 маусым күндері білім беру ұйымдарындағы 2024-2025 оқу жылында жүзеге ...
Бүгін, 2024 жылғы 30 мамыр күні Жаңаөзен политехникалық колледжінде білім берудің ...
2024 жылғы 28 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар ...
2024 жылдың 27 мамыр күні «Mediana Services Limited» ЖШС орталығында қосымша білім беру ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 мамыр күні ...