Орталық жаңалықтары

«КӨРШІЛЕРГЕ КӨМЕК» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттерінің бастауымен Ақтау қаласының бастауыш сынып оқушыларына арналған жылдық «Көршілерге көмек» атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты: ұзартылған топ сабақтарында балаларға өткен материалды меңгеруге және бекітуге мүмкіндік беру, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың ата-аналарына көмек көрсету.

Ұзартылған күн тобының жұмысы мыналарды қамтиды:

үй тапсырмасын орындау;

шығармашылық және дамытушылық қызметтер;

кітап оқу;

қимыл-қозғалыс ойындар.

Аптасына 5 күн ұзартылған топқа сабақты қазақ және орыс тілдерінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері, Ақтау қаласындағы 2-ші шағын ауданның 1-4 сынып оқушыларына жүргізеді.

Бүгінгі күні қазақ, орыс тілінде №5, №6 орта мектептерінің бастауыш сыныптарынан қосымша сабаққа 48 оқушы қатысып үй тапсырмаларын орындап, білім деңгейін арттыруда.

Бірінші ауысым сағат: 09:00 - 11:00 аралыгында қазақ, орыс тілдерінде екі топта 25 оқушы;

Екінші ауысым сағат: 14:00 - 16:00 аралыгында екі топта (қазақ, орыс) 23 оқушы қосымша сабаққа қатысады. 

title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

2024 жылдың 15 қараша күні облыстық қосымша білім беру педагогтерінің ...

Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының 2024 жылға арналған ...

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Ақтау қаласы, Абыл Тарақұлы атындағы өнер ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...

2024 жылдың 8 қараша күні «Арнайы білім беруді қажет ететін оқушыларды кәсіби ...

2024 жылғы 8 қараша күні Балаларды ерте дамыту институтының және Білім берудің ...

Жаңаөзен қаласының Білім-инновация лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті ...

Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Кадирова Алия ...