Орталық жаңалықтары

«Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру бөлімінің» жылдық есебі

Орталықтың «Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» бөлімінің мақсаты: білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, сынып жетекшілер, тәлімгерлер мен қатар қосымша білім педагогтерін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Әдістемелік көмек көрсете отырып, осы мамандар арасында жұмыстар жүргізіп, шаралар ұйымдастырады.

2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарында 239 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызмет атқарады. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлардың өздері сабақ беретін пәндері бойынша жаңа форматта 44 педагог-модератор 91 педагог-сарапшы, 49 педагог-зерттеуші, 1 педагог-шебер, 2 - жоғары санат, 8 - І санат, 7 - ІІ санат, 37-санатсыз мамандар бар. Сондай-ақ, І біліктілік санатты директордың орынбасары - 3 (1,25%), ІІ біліктілік санатты директордың орынбасары - 39 (16%), ІІІ біліктілік санатты директордың орынбасары - 21 (8,78%).

2023-2024 оқу жылында 139 тәлімгер жұмыс жасайды, оның 112-і жоғары білімді, 27-і арнаулы орта білімді.  Санаттары бойынша  23-і педагог-модератор, 3-уі педагог-сарапшы, 2-уі педагог-зерттеуші, І санат -1, санатсыз -110.

2023-2024 оқу жылында облыс бойынша білім беру ұйымында 1-11 сыныпта 7279  (1-4 сынып аралығында 3079, 5-11 сынып аралығында 4200) сынып жетекші бар.

Балалардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруына жағдай жасау мақсатында 2023-2024 оқу жылында облыста 11 қосымша білім беру ұйымы (7 өнер және 1 музыка мектебінде - 4036), 3 оқушы орталығы (3777) және 59 аула клубы (12287) жұмыс жасайды. Оған 20100 (2022-2023 о/ж – 21675, 13%) оқушы, 12% қамтылды.

Қосымша білім беру ұйымдарында 581 педагог қызмет атқарады. Олардың 1 (0,1%) педагог-шебер, 37(6,4%) педагог-зерттеуші, 54 (9,3%) педагог-сарапшы, 96 (16,5%) педагог-модератор, 39 (6,3%) жоғары санатты, 32 (5,18%)  I санатты, 68 (11,2%)  ІІ санатты, 254 (43,7%) санатсыз  педагогты құрайды.

2023 жылы 201 тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, 195 сынып жетекші, 59 тәлімгер, 19 педагог-ұйымдастырушы, 80 қосымша білі педагогі, 37 дебат жетекшілері, 31 өзін-өзі басқару ұйым жетекшілері біліктілік арттыру курстарынан өтті.

БАҚ беттеріне 8 тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, 22 сынып жетекші, 6 қосымша білім беру ұйымының педагогі мақалаларын жариялады.

2023 жылы өткізілген семинар-практикумдар, вебинарлар, форумдар, конференциялар мен ашық есік күндері, әдістемелік көмек күндері, кездесулер, байқауларға барлығы: 10634 (оның ішінде 2708 педагог, 5636 білім алушы, 2290 ата-ана) адам қамтылды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 15 ақпан ...

Осы орайда, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған ...

«Пікірсайыс –болашақ ел тізігінін ұстайтын элиталарды тәрбиелеуші құрал» ...

2024 жылы 14 ақпан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

2024 жылы ақпан айының 08-і күні Мұнайлы ауданы, «№11 жалпы білім беретін мектеп» ...

2024 жылдың 9-шы ақпанында Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 08 ақпан күні өткен Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Бүгін, 2024 жылғы 8 ақпан күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жаңаөзен ...